100 дос іздеймін

Мектеп бітіргеніме он жыл, институт бітіргеніме бес жыл болыпты. Мектептегі достарымның көбінің аттары да есімде жоқ. Оларды тіпті есіме де алмаған екенмін ғой. Курстастарыммен айына- жылына бір сөйлесемін. Бір группалас досым қыста ортамыздан өтті. (( Кезінде керемет дос болған едік… Осылай алшақтай береміз…

Мен тіпті, мәңгілік дос болу дегеннің не екеін білмеймін. Бірақ, айрылмас досым болса екен деймін. Неге екенін білмеймін, өмірде досым аз болды. Досы көп адамдарға қатты қызығамын. Мысалы менің апайымның достары көп. Мектепте бір партада отырған досынан бастап, курстас, әр жерде жұмыс істеген мекемелерінің әр қайсысынан оншақты досы бар. Қуанышын да, мұңын да бөлісетін адамдары бар. Басына іс түссе достары әрқашан қасынан табылып жатады. Тіпті, мен апайымның сіңілісі болғаным үшін оның достары көмектесіп жатады. «100 теңгең болғанша, 100 досың болсын» деген сөз рас екен. Енді міне игі сітің ерте-кеші жоқ, деп, курстастарым мен класстастарымды іздеп хабарласып жатырмын. )))))

Біздің жігіттер

Тыныштыңымызды қамтамасыз етіп отырға біздің жігіттерге арнап Ерболат Құдайбергеновтың «Біздің жігіттер» әнінің мәтінін жазып шықтым. Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын!

Біздің жігіттер… (3 рет)

Міне жігіттер!

Керемет жігіттер! (3 рет)

Мына біз жігіттер… (3 рет)

Арландай, тарландай біздің жігіттер! (3 рет)

міне, міне, міне, міне, міне…

Біздің жігіттер… (3 рет)

Міне жігіттер!

Керемет жігіттер! (3 рет)

Мына біз жігіттер… (3 рет)

Сегіз қырлы, бір сырлы біздің жігіттер. (3 рет) More

Атамның басын тойлаймын ба?

7 мамыр күні жұмыста кезекшімін. Әрине той тойлап жүретін уақытым болмасы анық. Құрбым осыны ескерді ме? Онда 9 мамырды бірге тойлайық,- дейді. Мен оған, атамның басын тойлаймын ба?-десем, ренжігендей сыңай танытты.

Расымен де, Орыстардың аяғының астында (Ресейдің Орлов облысында қаза тапты) домалап жатқан атамның басы үшін 9 мамырды тойлаймын ба? 24 жасында жаңа ғана журналистік қызыметке кірісіп, жазарым көп деп, аспандай план құрып жүрген жігітті ажалға айдап апарған сол кездегі билікке рахметімді айтуым керек пе? Дүние есігін аша сала жетім қалған әкем үшін той тойлап жүруім керек пе? ЖОҚ. Бұл мен және менің отбасым үшін мереке емес, бұл біз үшін қаралы күн.

Мен не үшін, немесе кім үшін жақынымнан айырылдым? Атамның басын алған Совет үкіметі қазір қайда? Кім қанды соғысты қалайды? Кім басын қатерге тіккісі келеді дейсіз?

Сасқандар мешітке тығылды.

(Қолыма итернеті бар компьютер тимей, ішіме біраз нәрсе жиналып қалды. 1 мамырдағы жер сілкінісінен бастайын әңгімені). Суретті Айқын газетінен алдым

Таңертең ұйықтап жатқан едім, біреу жұлқылап оятып жатқан сияқты болды. Бірден, менің тәтті ұйқымды бұзғанға ұрысуға дайындалып, қабағымды шыта басымды көтерсем, мені сілкілеп оятып жатқан табиғат атамның өзі екен. Атам ашуланса қаһары қатты еді… Қорыққанымнан, бейқам пысылдап ұйықтап жатқан баламның басынан сипап  «тыныш-тыныш» деп қайталай беріппін.

Асықпай тоғыздан кете тұрып, зоопаркке бардық. Күні бойы аң-құстарды тамашалап, шат-шадымызбен үйге келгеніміз сол еді, әр жерден қоңыраулар басталды.  «9 баллдық жер сілкінісі болады деп жатыр. Сақ болыңдар»! Ойымызға бірінші болып, этаж үйден кету керек деген ой келсе керек. Жылы киімімізді, нан-суымызды сөмкемізге салып, жер үйдегі құрбымыздың үйіне бардық. Көп кешікпей, тағы бір жолдасымыз бала -шағасын ертіп сол үйге жетті. Бір уақытта,  ұялы телефонға ақша құйып алу керектігі есімізге түсіп, үйдің жанындағы дүкендерге барсақ, маңайдағы бір дүкен есігін ашпайды. Бір қызуқанды жігітіміз дүкеннің есігін сындырып кірердей болып есікті ашқызыды. Соның арқасында, қалтафонының ақшасын толтырып алдық.

Арамызда сауымыз бар, қызып алғанымыз бар, кішіміз бар, үлкеніміз бар, мешітке барып тұратынымыз бар, мешіт табалдырығын аттамағанына көп уақыт болғандарымыз бар… Әитеуір, әр-түрлі адамды бір үрей кішкене ғана бір көлікке сидырып, орталық мешітке алып барды. Онда да біз сияқты пенделер әр бұрышта отыр екен.

Түнгі біржарым. Қарынымыз ашып, тоңғасын досымыздың жер үйіне қайтуды жөн көрдік. Неге екенін білмеймін, мешіттен қайтқанда бәріміздің үрейісміз басылып, бұрынғы қалпымызға қайта түстік. Даусымыз жарқын-жарқын шыға бастады. Бағанағы үрей билеп, қуарған жүзімізден тіршіліктің белгісі білініп, алладан басқа сөзге тіліміз келмей, шиыршықталған тіліміз қайта жазылғандай болды.  Жол бойы әзілдесіп, мешітте уағыз айтқан жігітті бір жамандап алдық, екі досымыз бір-бірімен соның арасынша ұрсысып үлгерді. Үйге келе жатсақ, дүкендердің де есігі ашық тұр, ештеңе болмағандай.

Үйге келдік. Дастархан үстінде отырып, теледидар көрдік. Төтенше жағдайлар қызметі бар, сейсмологиялық орталықтың адамдары енді ғана, жер сілкінісі болмайтындығын айтып, дүрліккен елді баспақ болып жатыр.

Біз шайымызды сораптап отырып, қалжың әңгімеміз бен, әлгі мешіттегі жігіттің, жолда ұрсысып көліктен түсіп қалған досымыздың бетіне айта алмаған жаман мінездерін әңгімелеуді жалғастыра бердік.

Түнгі сағат 2,31 тағы жер сілкінді. Пісіміллә-пісіміллә-пісіміллә…